Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы лауазымына Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Шархан Тұрсынбаев тағайындалды., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 15:05 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы лауазымына Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Шархан Тұрсынбаев тағайындалды.

Шархан Шаймерденұлы Тұрсынбаев Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын және Қазақстан Халықтар достығы университетін бітірген.

Кәсіби мансабы 2010 жылы Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман болып жұмысқа кіріскен кезде басталды.

Кейінгі жылдары Әуезов және Наурызбай аудандары әкімдерінің аппараттарында түрлі қызметтер атқарды.

2018 жылы Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, аппарат басшысы болып жұмыс істеді.

Осы тағайындауға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: