Жаңалықтар тізбегі
0

Айдар Есенбеков Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2024 13:09 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы лауазымына Айдар Есенбеков тағайындалды.

Айдар Есенбеков 1979 жылы 8 тамызда туған. Әл- Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, әлеуметтану магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. 2004-2006 жылдары-Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы.

2006 жылдан бастап мемлекеттік органдар құрылымында жұмыс істейді. 2006 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Жетісу ауданы бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы қызметін атқарды.

2010-2012 жылдары этносаралық қатынастар және саяси партиялармен жұмыс, үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімді басқарды.

2012-2016 жылдары-Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары. 2016-2019 жылдары - Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы. 2019 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: