Қазақстан мектептерінде жыныстық ағарту сабақтарын енгізу жоспарланып отыр ма

Школьник, школьники, ученик, ученики, ученики старших классов, школа, школы, старшеклассники, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 16:11 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 20 мамырда үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елде орын алған бірқатар өрескел оқиғаларға байланысты Қазақстан мектептерінде жыныстық тәрбие сабақтарын енгізу уақыты келді ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ғани Бейсембаев қысқа қайырды, Қазақстан мектептерінде жыныстық ағарту сабақтарын енгізу жоспарланып отырған жоқ.

"Менің ойымша, ең алдымен ата-аналардың жауапкершілігін арттыру дұрыс болады – бұл әрдайым солай болған. Мұндай нәрселер отбасында тәрбиеленеді. Сондықтан біз ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтарын арнайы аштық. Мен сол жерде психологтар барынша жұмыс істеп, ата-аналарды ағарту үшін тапсырма бердім: балалармен қалай қарым-қатынас жасау керек, оларды қалай тәрбиелеу керек. Ең дұрыс, өнімді және тиімді шешім – бұл ата-ана жауапкершілікті өз мойнына алып, осы іспен айналысқанда. Әрине, мектеп жауапкершіліктен қашпайды, бірақ оны толықтай мектепке жүктеу, менің ойымша, онша дұрыс болмайды. Біз "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында тиісті іс-шаралар өткіземіз, бірақ сіз қазір айтқандай тікелей мағынада емес", – деп жауап берді министр.

Оның пікірінше, бұл мәселеде негізгі рөлді ата-аналар өз мойнына алуы тиіс, ал мектеп оларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Бұған дейін министр соңғы қоңыраудың неліктен 9-сынып оқушылары үшін өткізілмейтінін түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: