Оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінген "ұстаз": министрлік тың мәліметтерді ашты

2025 жылғы 20 мамырда өткен үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 14 жастағы мектеп оқушысына қатысты зорлау күдігіне ілінген "мұғалім" туралы резонанстық іс бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, бұл жағдай "өте өрескел және жол беруге болмайтын" оқиға.
"Біз шұғыл әрекет еттік. Балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігіне қатысты кез келген жағдай бойынша бізде арнайы алгоритм бар. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жұмыс істейді. Біз дереу тиісті шараларды қабылдадық. Мен тек назар аудартқым келеді, бұл жағдай Алматыда емес, Алматы облысында болғаны анықталды. Және "мұғалім" деп аталған адам ешқашан мектепте жұмыс істемеген. Сондықтан бұған да назар аудару керек. Бірақ бұл жауапкершілікті азайтпайды", – деді Ғани Бейсембаев.
Министрдің айтуынша, бұл жағдайға құқықтық баға берілуі тиіс, тергеу жүргізілуде.
Бұған дейін Алматы облысында 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен домбыра үйірмесінің ұстазы қамалғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript