Қазақстанда мектеп оқушылары жазғы демалыс кезінде музейлер мен театрларға тегін кіре алады

Государственный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева, музей искусств, искусство, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 16:59 Фото: Zakon.kz
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Исқақов 2025 жылғы 20 мамырда үкімет отырысында жазда мектеп оқушыларына музейлер мен театрларға тегін кіруге мүмкіндік берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жас ұрпақтың мәдени және шығармашылық әлеуетін кеңейтуге бағытталған ауқымды шаралар кешені әзірленгенін атап өтті. Министрлікке қарасты 10 оқу орындарында бүгінгі таңда 10 мыңнан астам оқушы білім алуда. Осы ұйымдарда жазғы кезеңге арналған арнайы мәдени-білім беру бағдарламалары бекітілген.

"Жазғы уақытта елдегі барлық мектеп оқушыларына музейлер мен театрларға, сондай-ақ басқа да мәдени мекемелерге тегін кіру мүмкіндігі беріледі. Бұл жақсы бастама, әрбір балаға мәдени мұрамен танысуға мүмкіндік туады", – деді Қанат Исқақов.

Бұған дейін министр соңғы қоңыраудың неліктен 9-сынып оқушылары үшін өткізілмейтінін түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: