Қазақстанда 2 мыңнан астам бала ел ішінде тегін саяхаттай алады
Фото: primeminister.kz
Министрдің айтуынша, ішкі туризмді дамыту және отбасылардың демалыс шығындарын азайту мақсатында Kids Go Free бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба аясында балалардың әуе билеттері субсидияланады.
Бағдарлама іске қосылғаннан бері 7 мыңнан астам бала Қазақстан ішінде тегін әуе сапарымен саяхат жасаған. Биыл шамамен 2 мың бала ел ішінде тегін ұшу мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен қатар министр 2026 жылғы жазғы маусымда балалар мен жастарға арналған 20-дан астам ірі іс-шара жоспарланғанын айтты.
Маусым айында Алматı облысында NomadFest, Қарағанды облысында Balkhash Tour Fest, Ұлытау облысында "Көкмайса" фестивальдері өтеді. Шілдеде Астанада "Асыл Мұра" мәдени-отбасылық іс-шарасы, Жетісу облысында "Алакөл толқыны" жастар жобасы, ал Атырау облысында "Лотос" экологиялық фестивалі ұйымдастырылмақ.
Айта кетейік, жазғы демалыс маусымын ұйымдастыру бойынша бұған дейін де тиісті министрлік тарапынан мәлімет берілген.