Павлодардағы мектепте оқушыны ұрған жасөспірімнің ата-анасы айыппұл арқалады

Павлодардағы мектепте оқушыны ұрған жасөспірімнің ата-анасы айыппұл арқалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 20:16 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде С.Торайғыров атындағы мектепте жетінші сынып оқушысы өзінен кіші жас балалардан ақша бопсалап, кейбіреулерді ұрған деген хабар жарияланды. Жәбір көрген оқушының ата-анасы полицияға арыз жазған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оқиғаға қатысқан кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Кәмелетке толмағанның заңды өкілі балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған бала профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін мектепішілік есепке қойылды", - деп жауап берді облыстық полиция департаменті. 

Материалдар қосымша алдын алу шараларын қабылдау және осындай мінез-құлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін сотқа және Павлодар қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді.

Қалалық білім беру бөлімі бұл жағдайға қатысты әзірше түсінік берген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: