Шымкентте жедел уәкіл қамаудағы әйелді зорлағаны үшін сотталды

Шымкентте жедел уәкіл қамаудағы әйелді зорлағаны үшін сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 21:53 Сурет: pixabay
Сарыағаш аудандық соты уақытша ұстау изоляторы жедел уәкілін Шымкентте қамаудағы әйелді зорлағаны үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айыптау нұсқасына сәйкес, 2024 жылы қыркүйекте айыпталушы жәбірленуші отырған камераға кіріп, анасына қоңырау шалуға мүмкіндік беремін деген сылтаумен оны қоймаға алып кеткен. Сол жерде, жәбірленуші қарсылық көрсеткеніне қарамастан, ол оны зорлаған.

Қамаудағы әйел бұл туралы бірден хабарламаған. Алайда қазан айында Шымкенттегі ҚАЖ мекемесінде медициналық тексеру кезінде оның жүкті екені анықталып, осы жайт тексеруге себебі болған.

"Тергеу барысында әйел өзіне зорлық көрсетілгенін мәлімдеді. Диас М.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Диас өз кінәсін мойындамай, жыныстық қатынас өзара келісіммен болды деп мәлімдеді. Кейін жәбірленушінің өзі де бастапқы берген жауабын өзгертіп, жүкті екенін және түрме жазасын естігенде күйзеліске түсіп, сол сәтте алғашқы мәліметтерді бергенін айтты. Алайда сот бұл мәлімдемелерді шындыққа жанаспайды деп таныды", - делінген іс материалдарында.

Жедел уәкіл 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ ол процессуалдық шығындарды өтеуге және жәбірленушілерге көмек қорының есебіне шамамен 77 мың теңге аударуға міндеттелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: