Шымкентте балалар үйірмелерінің ұйымдастырушылары бағдарламадағы өзгерістерге наразылық білдіруде

Школьники, ученики, школа, ученики средних классов, дополнительные занятия, кружки, секции, шахматы, игра в шахматы, шахматисты, шахматист, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2025 11:37 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Еліміздің үшінші мегаполисінде балалар үйірмелерін жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасының жеткізушілері кезекті жаңашылдыққа наразылық танытты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар" телеарнасының мәліметінше, пилоттық жоба аясында билік шарттарды қайта қарауға шешім қабылдады. Кәсіпкерлердің айтуынша, оларға тарифтердің төмендеуі және бір мезгілде талаптардың күшеюі қаупі төніп тұр, бұл көптеген үйірмелердің жабылуына әкелуі мүмкін. Ал әкімдік болса, қорытынды жасауға асықпауға шақырады.

Шенеуніктердің айтуынша, пилоттық жобаның мақсаты – үйірмелердің санын қысқарту емес, тәртіп орнатып, бірыңғай есеп жүйесін құру. Билік өкілдері сабақтардың қауіпсіз жағдайда өтуі тиіс екенін атап өтеді. Кейбір үйірмелердің жертөлелерде жұмыс істеген жағдайлары белгілі болған. Қазіргі уақытта тарифтер мәселесі де талқылануда.

Бұған дейін Петропавлдық зейнеткердің ойын алаңын өз қолымен жаңартқандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: