Енді қазақстандықтарға 5 банк арасында телефон нөмірі бойынша "банкаралық" аударымдар қолжетімді болады

Национальный банк РК, Национальный банк Казахстана, Нацбанк РК, Нацбанк, Национальный Банк Республики Казахстан, НБК, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2025 15:09 Фото: пресс-служба Национального банка РК
Бес банктің клиенттері үшін телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдар маусым айынан бастап қолжетімді болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасының кеңесшісі, цифрлық трансформация жетекшісі Бинұр Жаленов телефон нөмірі мен бірыңғай QR-код арқылы банкаралық аударымдар жобасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ұлттық банк әзірлеген жүйе 2024 жылдың 15 қарашасынан бастап пилоттық режимде іске қосылды.

"Қазіргі уақытта банктерді кезең-кезеңімен қосу жүріп жатыр. Бүгінгі күні Ұлттық төлем корпорациясы, осы жүйенің операторы, 9 банкпен келісімшарт жасады. Маусым айында алғашқы бес банк клиенттері үшін телефон нөмірі арқылы банкаралық аударымдар қолжетімді болады деп жоспарлап отырмыз. Бұл банктердің тізімі: Halyk, Freedom, RBK, Altyn және Home credit", – деп атап өтті Бинұр Жаленов Ұлттық банктің брифингінде.

Бұған дейін Чехияда туристердің алтынға толы жәшік тауып алғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: