Қазақстан мен Ресей арасында жолаушылар пойыздарының қозғалысы қайта жанданды
2022 жылғы 3 маусымнан бастап жұма және сейсенбі күндері Қарағандыдан жөнелтілетін "Қарағанды-Омбы" бағытындағы №145/146 пойызы. Құрам 2022 жылғы 4 маусымнан бастап сенбі және сәрсенбі күндері Омбыдан Қарағандыға шыға бастайды, – делінген "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ хабарламасында.
Сонымен қатар "Алматы-2-Қазан" бағытындағы №113/114 пойызы Алматыдан 2022 жылдың 6 маусымынан бастап дүйсенбі күндері жөнелтіледі. Ол Қазаннан Алматыға қарай 2022 жылғы 9 маусымнан бастап бейсенбі күндері кері жүре бастайды;
"Қарағанды-Мәскеу" қатынасындағы №83/84 пойыздың қатынауы Самара станциясына дейін қысқарады. Ол Қарағандыдан 2022 жылғы 8 маусымнан 30 шілдеге дейін жұп күндері жүретін болады.
Құрам Омбыдан Қарағандыға 2022 жылғы 10 маусым мен 30 шілде аралығында жұп күндері қатынайды.
Сонымен қатар, 1 тамыздан 31 тамызға дейін осы пойыз Қарағандыдан Самараға және Самарадан Қарағандыға тақ күндері жолға шығады. Биыл 2 қыркүйек пен 30 қазан аралығында пойыз Қарағанды мен Самарадан жұп күндері қатынайтын болады. 1 қарашадан 9 желтоқсанға дейін - Қарағандыдан Самараға тақ күндері қатынайды. Самарадан Қарағандыға, 1 қарашадан 11 желтоқсанға дейін пойыз тақ күндері жүретін болады.
Билеттердің құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағаларды www.bіlet.railways.kz. сайтынан нақтылауға болады.