ҰБТ-да ең жоғары 140 ұпайды жинаған Түркістан облысының түлегі әкімдіктен марапат алды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 ұпай жинап, рекорд орнатқан Жәнібек Әбілханды қабылдады., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 09:43 Сурет: Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысының әкімдігінде ҰБТ-дан рекордтық көрсеткішке ие болған 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханды құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда 2025 жылдың 16 мамырында басталған ұлттық бірыңғай тестілеуде Түркістан облысының түлегі ең жоғарғы баллды бірінші болып жинады. Содан бері көп балалы отбасының тумасы, Ордабасы ауданындағы Темірлан ауылындағы мектеп түлегі Түркістан өлкесін елге танытты.

Әкімдікте өткен жиынға Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Сәуле Исанова мен Жәнібектің сынып жетекшісі Гүлзира Бортаева да шақырылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Рекорд жасаған түлекті облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің атынан жеке құттықтап, одан әрі оқуына қажетті ноутбук сыйға тартылды.

Сол жиында Жәнібек Әбілхан өзінің рекордымен танымал еткен мектеп-гимназиясының жөндеуге жататын нысандар қатарына енгізілгені белгілі болды. Биыл күрделі жөндеуден өтіп, жаңа оқу жылында мектеп оқушылары жөндеуден өткен ғимаратта білім ала бастайды.

Сондай-ақ 22 мамырда Түркістанда мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетілсе, Алматыдағы жазғы лагерьлердің дайындығы талқыланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: