Депутат сапасыз жол салғандарды жазалауды ұсынды

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 12:48 Фото: Zakon.kz
Сенат депутаты Әлібек Нәутиев 2025 жылғы 23 мамырдағы үкімет сағатында жол құрылысында сапасыз материал пайдаланғаны және технологияларды бұзғаны үшін жазалауды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сенатор, әсіресе, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың сапасыздығына тоқталды. Оның айтуынша, басты себептердің бірі құрылыс және жөндеу жұмыстары кезіндегі техникалық қадағалаудың жеткіліксіз деңгейі болып табылады.

"Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы соңғы бес жылда нысандарда техникалық қадағалаудың жоқтығының 500-ден астам жағдайын анықтады. 2023-2024 жылдары бес нысанға бір маманның бір мезгілде және әртүрлі аймақтарда бекітілген 130-дан астам жағдайы тіркелді. Бұл сапасыз материалдардың қолданылуына және технологиялардың бұзылуына әкеліп соғады, бұл жолдардың сапасына тікелей әсер етеді. Алайда, қолданыстағы заңнамада мұндай бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Заңға қадағалау қызметінің жауапкершілігін қарастыратын нормаларды енгізу қажет деп есептейміз", – деді Әлібек Нәутиев.

Ол сондай-ақ техникалық қадағалауды реттеу функцияларын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне беруді ұсынды, ал қазіргі уақытта бұл мәселені Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті қадағалайды.

"Бұл оған техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуге, тиісті тізілімді жүргізуге және аккредиттеу ережелерін бекітуге мүмкіндік береді", – деп түсіндірді депутат.

Бұған дейін сенатор Әлібек Нәутиев Көлік министрі Марат Қарабаевқа ағымдағы жағдайды объективті түсіну және жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың оңтайлы тетігін әзірлеу үшін жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды паспорттаудан өткізуді ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: