Қазақстанда алғашқы отандық чип таныстырылды

Алғашқы отандық чип таныстырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2025 13:11 Сурет: pixabay
Отандық мамандар алғашқы қазақстандық чип жасап шықты. Микропроцессордың таныстырылымы бүгін Астанада өтті.

Жиынға академиялық қауымдастық пен индустрия өкілдері қатысып, бұл саланың болашағын талқылап, мамандарды даярлау мәселелерін қарастырды.

Чипті үш ай бойы отандық мамандар дайындап, тесттен өткізген. Ал зауыттағы өндіріс жұмыстарын қытай мамандары жасаған, деп жазады qazaqstan.tv.

"Кішігірім процессор, бірақ та біз сол жолдан өттік. Қалай жасалатынын үйреніп, сол жолдан қайта көп интеграциялармен одан да мықты процессорлер жасай аламыз. Кішігірім автоматизацияны қолданатын компьютерлерге сол чипті салуға болады. Бұл жобада ең маңызды өнім ол адамдар. Сол микропроцессорлерді дизайн жасай алатын осы жерде отырған студенттеріміз жасап шықты." Нұрсұлтан Қабылқас, жоба жетекшісі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: