Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Көлік министрлігі тергеудің екінші кезеңін бастады

2025 жылғы 23 мамырда ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Сенат отырысында Ақтау маңында Әзірбайжан әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауын тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер ұшақ апатына қатысты тергеу қай кезеңде жүріп жатқанын сұрады.
Бұған жауап ретінде Марат Қарабаев Қазақстанның тергеу жүргізіп жатқан мемлекет екенін еске салды.
"Кез келген тергеу бірнеше кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең – тиісті материалдарды жинау. Ол аяқталды. Екінші кезеңде – жиналған материалдар сараптамадан өтеді. Қазір біз зерттеу сатысындамыз. Зерттеу аясында шетелдік мамандармен, соның ішінде ИКАО-мен бірге Баку, Грозный, Ростов-на-Дону қалаларында болдық", – деп қосты ол.
Әзірбайжан әуе жолдарының (AZAL) Бакуден Грозныйға бет алған Embraer 190 ұшағы 2024 жылы 25 желтоқсанда таңертең Ақтау маңында апатқа ұшырады. Әуе компаниясының мәліметінше, бортта 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. 29 адам аман қалды.
Ұшақ апаты туралы қорытынды есеп 2025 жылдың желтоқсанына дейін беріледі деп бұрын хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript