Қазақстандықтар енді туу туралы куәлікті постаматтар арқылы алуы мүмкін
Сурет: Zakon.kz
Мұндай пилоттық жоба Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Әділет министрлігі бірлесіп іске қосып жатыр. Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланып, биылғы 6 маусымға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.
Белгілі болғандай, бұл жоба Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметтер туралы" заңының 22-бабына сәйкес әзірленіп, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін үнемі жетілдіру, олардың тиімділігін арттыру және азаматтарға туу туралы куәлік беру бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қолға алынған.
Сондай-ақ пилоттық жоба аясында азаматтарға Kaspi Bank мобильді қосымшасы арқылы өтініш беріп, Kaspi Bank АҚ-ның постаматтары арқылы туу туралы куәлікті алу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл – Астанада, Алматыда және Ақтауда қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа.