Алматы полициясы түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады

Алматы полициясы түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2025 12:53 Сурет: Алматы полициясы
Бүгін, 25 мамырда қаладағы көптеген мектепте соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полициясы түлектерді маңызды оқиғамен құттықтап, сонымен қатар, қауіпсіздікті сақтау қажеттілігіне назар аударды.

"Соңғы қоңырау – қуанышты күн, ол бақытсыздықтың көлеңкесінде қалмауы керек. Өкінішке қарай, мектеп бітірушілер тарапынан жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың 20 дерегі тіркелді. Жастар көліктердің терезелері мен люктерінен басын шығарып, қауіпті маневр жасайды. Мұндай көліктердің барлығы тоқтатылып, жүргізушілер жауапқа тартылды. Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналар да жауапқа тартылды. Баршаңызды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, ал ата-аналарды балаларының қай жерде жүргенін және үйге қалай қайтып келе жатқанын қадағалауға шақырамыз", - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Айта кетейік, соңғы қоңырау күндері Алматы полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: