Алматы көшелерінің бірі жартылай бір жақты қозғалысқа көшті

Алматы көшелерінің бірі жартылай бір жақты болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2025 12:19 Сурет: Telegram/AlmatyJoly
Бүгіннен бастап Алматыдағы Айтықов көшесінің бір бөлігінде біржақты қозғалыс енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
26 мамырдан бастап Айтыков көшесінің көлік қозғалысы схемасына өзгеріс енгізіледі.

Енді Баймағамбетов көшесінен бастап Даналық көшесіне дейінгі аралықта көліктер тек оңтүстік бағытта біржақты қозғалады.
"Бұл шешім Әкімшілік полиция басқармасымен келісім бойынша қабылданған және эксперименттік режимде жүзеге асырылады. Мақсат көше бойындағы көлік өткізу қабілетін арттыру және жолдағы қайшылықты нүктелерді жою", – деп хабарлады қалалық мобильділік басқармасының өкілдері.

2025 жылдың 21 мамырында Алматы әкімдігі BRT құрылысына байланысты қаланың негізгі аудандарында ішінара жабылатынын ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: