28 мамырдағы сауда барысында доллар бағамы одан әрі көтерілді

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 16:21 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 28 мамырда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,52 теңгеге қымбаттап, 512,66 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,39 теңгеге (-0,01) түсті.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 71,30 теңге (-0,03) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 511,7-514,5 теңге, еуро 578-582 теңге, рубль 6,29-6,41 теңге аралығында сатылуда.

28 мамырдағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.

Осылайша, ICE Futures электронды саудасында тамыз Brent фьючерстерінің құны 0,13%-ға өсіп, барреліне 63,65 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айына 0,18%-ға өсіп, барреліне 61 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 512,16 теңге, еуроны 580,94 теңге, рубльді 6,39 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: