22 мамырдағы сауда барысында доллар бағамы төмендеді

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2025 16:13 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 22 мамырда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,28 теңгеге төмендеп, 507,07 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,38 теңгеге (+0,02) көтерілді.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,52 теңге (-0,43) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 507,7-510,1 теңге, еуро 572,5-576,5 теңге, рубль 6,25-6,37 теңге аралығында сатылуда.

22 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы $0,07 өсіп, $64,98 құрады.

Нью-Йорк NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы $0,12 қымбаттап, $61,69 құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 510,59 теңге, еуроны 578,91 теңге, рубльді 6,37 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: