Қандай жеке деректер жалпыға қол жетімді - министрлік түсіндірмесі

Интернет, сеть, цифровизация, цифровые технологии, digital, современные технологии, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2025 14:24 Фото: freepik
Ақпараттық қауіпсіздік комитетінде ЦДИАӨМ қандай дербес деректердің жалпыға қолжетімді және қолжетімділігі шектеулі екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңның 6-бабына сәйкес, дербес деректер қолжетімділігіне қарай жалпыға қолжетімді және шектеулі қолжетімді деп бөлінеді.

"Жалпыға қолжетімді дербес деректер – бұл дербес деректер немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын, субъектінің келісімімен қолжетімді болатын мәліметтер", – деп түсіндірді комитет.

Шектеулі қолжетімді дербес деректер – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелген деректер. Мысалы, мұндай шектеулі қолжетімді дербес деректерге жеке, отбасылық, салықтық, банктік, коммерциялық, медицина қызметкерінің құпиясы және басқа да заңмен қорғалатын құпия, сондай-ақ құпиялылық белгісі бар, дербес деректерді қамтитын кез келген мәліметтер жатады.

Мысалы, аты-жөні, ЖСН және электрондық пошта бөлек пайдаланылғанда жалпыға қолжетімді дербес деректер болып табылады. Алайда аты-жөні, ЖСН және электрондық пошта қаржылық құпиямен, медицина қызметкерінің құпиясымен немесе басқа да заңмен қорғалатын құпиямен бірге қолданылса, олар шектеулі қолжетімді дербес деректер болып саналады.

Сонымен қатар, ведомство телефон нөмірі қосымша мәліметтермен (толық аты-жөні, ЖСН және т.б.) байланыстырылмаған жағдайда нақты жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтінін және, тиісінше, дербес деректер болып саналмайтынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: