Президент Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры Эми Поупты қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2025 15:43 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры Эми Поупты қабылдады.

AIF алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық миграция ұйымының – БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігінің бас директоры Эми Поуппен кездесті.

Әңгімелесу барысында миграция бойынша ынтымақтастықтың жай-күйі, мигранттардың құқығын қорғау және Ұйымның 2024-2028 жылдарға арналған стратегиялық жоспары шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы еліміз заңсыз көші-қон проблемаларын шешу, адам саудасына қарсы іс-қимыл және шет елдерде еңбек ететін қазақстандықтардың құқығын қорғау бағыттарында белсенді жұмыс жүргізетінін айтты.

Эми Поуп Қазақстанның Алматы процесіне 2025-2027 жылдардағы төрағалығының маңызын атап өтті. Бұл – аймақтық диалогты ілгерілетуге және Орталық Азиядағы көші-қонға байланысты проблемалардың шешімін бірлесіп іздеу шараларын үйлестіруге ықпал ететін консультативтік платформа.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эми Поуп ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, сондай-ақ институционалды әлеуетті нығайтуға және аймақтағы көші-қонды орнықты басқаруға ықпал ету мақсатында озық тәжірибелермен алмасуға уағдаласты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: