Алматыда ҰОС ардагері 100 жасқа толды

Александр Степанович 1925 жылы 30 мамырда Алтай өлкесінің Барнаул қаласында дүниеге келген. 1943 жылы Новосібірде студент болып жүрген кезінде әскерге шақырылып, Карел майданына жіберілді. Алғашында байланысшы болып қызмет етті, кейін артиллериялық бөлімшеде барлаушы ретінде жауынгерлік жолын жалғастырды. Ол 1-Украин майданы құрамында Польша, Германия және Чехословакия жерлеріндегі ұрыстарға қатысқан. Жеңіс күнін 1945 жылдың 9 мамырында Прагада қарсы алды.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
Жауынгерлік ерлігі мен еңбек жолындағы үлесі үшін Александр Степанович Құрмет орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Берлинді алғаны үшін", "Праганы алғаны үшін" медальдарымен және бірнеше мерейтойлық марапаттармен марапатталған.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
Демобилизациядан кейін ол политехникумды үздік аяқтап, кейін Томск құрылыс институтын "құрылыс инженері" мамандығы бойынша тәмамдады.
Сүйікті жары Мария Николаевнамен бірге 67 жыл бойы бақытты отбасылық өмір сүріп келеді. Олар бір қыз, бірнеше немере және шөберені тәрбиелеп өсірген. Журавлёвтер отбасы Норильск қаласында тұрған, онда Александр Степанович тұрғын үй мен мәдени-тұрмыстық құрылыс басқармасын басқарған. Кейін отбасы Алматыға көшіп келген.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
Мерейтой қарсаңында ардагерге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі мен Алматыдағы әскери басқару органдарының басшылығынан құттықтау хаты табыс етілді. Әскери қызметшілермен кездесу барысында ардагер соғыс кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін алғысын білдірді.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
Айта кету керек, Алматы гарнизонының әскери қызметшілері ардагерлерге тұрақты түрде қолдау көрсетіп, олардың ерліктерін шынайы құрметпен еске алып отырады.