Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов қызметінен босатылды

Серік Төленбергенов 2024 жылдың наурыз айында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр болып тағайындалды., сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2025 15:41 Сурет: primeminister.kz
Серік Төленбергенов ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Себебін 2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі келтірді:

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Серік Тулювгалиұлы Төленбергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі қызметінен босатылды."

Серік Төленбергенов 1974 жылы 13 желтоқсанда Чарск қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген; Қазақстан-Американдық еркін университеті заңгер мамандығы бойынша.

Еңбек жолын "АРЖ" ЖШС-де есепші болып бастаған (03.05.1995 – 27.11.1996). Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті департаментінің мемлекеттік кәсіпорындардың бақылаушы-ревизоры; ЖШС директоры және бас директоры; Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының инвестицияларды тарту жөніндегі бас маманы; Риддер қаласы әкімінің орынбасары; Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары; "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі; Семей қаласы мәслихатының депутаты; Абай ауданы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы.

Серік Төленбергенов 2024 жылдың наурыз айында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр болып тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: