Қостанай облысында су құбыры желілері құрылысына 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Алматинская ТЭЦ-1, Алматинская ТЭЦ 1, теплоэлектроцентраль, тепловая электростанция, электроэнергия, тепло, горячая вода, отопление, теплоснабжение, тепловая энергия, горячее водоснабжение, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2025 09:53 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қостанай облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 5,4 млрд теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде Тобыл қаласында халықтың 87,9%-ы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін қалада ұзындығы 100 шақырымнан асатын су құбыры желілерінің құрылысы басталды. Бұл мақсатқа Қордан 1,4 млрд теңге бөлінді. 

Сондай-ақ Арқалық қаласына су құбырын тартуға 872 млн теңге бөлінді. Жоба 13 мыңнан астам тұрғыны бар қаланы ауыз сумен толық қамтамасыз етіп, 2025 жылдың соңына дейін сумен қамту деңгейін 96,5%-дан 100%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар  Қарабалық, Денисов, Қостанай, Федоров, Бейімбет Майлин аудандары ауылдарында, сондай-ақ Арқалық қаласындағы Жастар ауылында жалпы құны 3 млрд теңгеден асатын су құбыры желілерін тарту жоспарланып отыр.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, қазіргі таңда орталықтандырылған суға қолжетімділік Қостанай қаласында 99%-ды, ал ауылдық елді мекендерде 90,3%-ды құрайды.

Бұған дейін елімізде 5408 дәрілік затқа шекті баға бекітілгендігі хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: