Алматыда балалар байқауын желеу еткен алаяқ ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2025 13:47 Фото: Zakon.kz
Алматыда балалар байқауын ұйымдастырушы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.

Алматы қалалық полиция департаменті кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарынан халықаралық байқауға қатысу сылтауымен ақша жинау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың желтоқсан айында жарияланған іс-шараның ұйымдастырушысы шетелдік байқауға қатысуды ұсынып, ата-аналардан қаржыны есепшоттар арқылы жинаған.

Алайда уәделерге қарамастан, байқау өткізілмеген, балалар шетелге шықпаған және қаржы қайтарылмаған. Қазіргі таңда елдің бірнеше өңірінен азаматтардан арыздар тіркелді. Материалдық шығын көлемі анықталу үстінде.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды кәмелетке толмағандардың сапарларына қатысты келісімдер жасасқанда қырағылық танытуға және қандай да бір ұсыныстың заңдылығына күмән туындаған жағдайда полицияға жүгінуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: