АШМ Кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының экс-орынбасары сотталды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Ауыл шаруашылығы министрлігінің кадрлық және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының бұрынғы орынбасары Б.Жолтайға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол үлестес компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тарту арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, бұл мемлекетке 3,2 млн теңге сомасында залал келтірді.
Оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3,4 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript