Жезқазғанда автобус ішінде жасөспірімнің таламасы ұстап, есінен танып қалды

Жезқазғанда полицей жасөспірімнің өмірін құтқарып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2025 17:40 Сурет: polisia.kz
Жезқазған полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы Азат Есенғабылов батылдық пен кәсібиліктің жарқын үлгісін көрсетті. Ол дер кезінде әрекет етіп, ес-түссіз қалған жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның хабарлауынша, оқиға қалалық бағыттағы автобустардың бірінде болған.

Кезекшілік барысында аялдама маңында жүрген полиция қызметкері кенеттен автобус ішінен көмек сұраған әйелдің дауысын естіп, дереу әрекет етеді. Салонға кіргенде ол талмасы ұстап, есінен танып қалған жасөспірімді көреді.

Азат Есенғабылов бір сәтке де кідірместен, қыз баланы автобустан көтеріп шығарып, аялдамадағы орындыққа жатқызып, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар жедел жәрдем шақырып, медициналық мамандар келгенге дейін жасөспірімге қолдау көрсетуді тоқтатпаған.

Көрсетілген шұғыл көмектің нәтижесінде 16 жастағы қыздың жағдайы тұрақталып, ол дәрігерлердің бақылауына алынды. Жасөспірімнің анасы полиция қызметкеріне шынайы алғысын білдіріп, оның бейжай қалмай, көмек қолын созғаны үшін ризашылығын жеткізді.

Азат Есенғабылов ішкі істер саласында 2014 жылдан бері қызмет етеді. Ал 2018 жылдан бастап кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор ретінде балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау жолында еңбек етіп келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: