ШҚО-да полицейлер көшеде есінен танып жатқан ер адамға көмектесті

Полиция, ШҚО, есінен тану, ер адам, көмектесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 17:13 Сурет: Zakon.kz
Алтай ауданында патрульдік полиция инспекторлары көшеде жерге құлап жатқан ер адамды байқаған. Полиция капитаны Ринат Қуаниязов пен полиция аға лейтенанты Сырым Қалиқан оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіп, артынша ауруханаға жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, медицина қызметкерлері 70 жастағы зейнеткерге жүрек талмасы диагнозын қойды. Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі сауатты әрекетінің арқасында оған медициналық көмек уақытында көрсетілген болып шықты.

"Мұндай сәтте қиын жағдайға тап болған адамды құтқару туралы ғана ойлайсың. Біз тек өз борышымызды орындадық", — деді полиция қызметкері Ринат Қуаниязов.

Зардап шеккен азаматтың жұбайы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

5 сәуірде Ақмола облысы Атбасар қаласында ТЖМ қызметкерлері 97 жастағы кейуананы құтқарғанын жазғанбыз. Әлеуметтік қызметкер қарт адамның ұзақ уақыт есік ашпағандықтан құтқарушылар көмегіне жүгінген.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: