Петропавлда полицейлер қалада адасып кеткен қарт адамға көмектесті
Фото: Zakon.kz
Таңғы уақытта полиция жүргізушісі Евгений Сутюшев пен Горький көшелерінің қиылысында жатқан 70 жастағы ер адамды байқап, бұл туралы облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығына хабарлап, оған орнынан тұруға көмектесті.
ЖБО-дан оқиға туралы барлық патрульдік нарядтарға ақпарат берілді. Оқиға орнына ең жақын орналасқан патрульдік полиция батальоны взводының командирі Нұрлан Тұрғыновтың экипажы болды.
Ол әріптесімен бірге келген соң, қарт кісіні өз қарауына алды. Ер адам бағдарын жоғалтып, қайда тұратынын айта алмады.
Полицейлер оның жеке басын және тұрғылықты мекенжайын анықтап, үйіне жеткізіп, туыстарына тапсырды.
Тәртіп сақшылары қарт адамдардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады. Адасып кетуі мүмкін азаматтардың қалтасына мекенжайы мен жақындарының байланыс деректері жазылған қағаз салған жөн.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript