Түркістан облысында полицейлер денесі қалтырап, есінен танып қалған қызға көмектесті

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2025 14:10 Фото: Zakon.kz
Төлеби ауданының полицейлері денсаулығы нашарлаған қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтырақ айтсақ, кешкі сағат 18:30 шамасында көше бойында 16 жастағы қыздың денесі құрысып, есінен танып қалды.

Жақын жерде жүрген адамдар жедел жәрдем шақырды. Осы кезде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полицейлер жағдайды байқап, шұғыл оқиға орнына жетті. Бұл сәтте қыз шалқасынан жатып, әрең дем алып, есінен жоғалтып жатты.

Тәртіп сақшылары ең алдымен қыздың тыныс алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Содан полицейлер жедел жәрдемді күтпей, қызметтік автокөлікпен оны аудандық ауруханаға жеткізді. Қыз ауруханада, бүгінде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Анықталғандай, жас қыз туған күнге қонаққа бара жатып, күтпеген жерден ауа жетпей, әлсіреген. Полиция қызметкерлерінің жылдам әрекеттерінің арқасында ол қажетті медициналық көмек ала алды. Жасөспірімнің ата-анасы полицейлерге дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: