Синоптиктер Атырау тұрғындарына маңызды ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, загазованность, выхлопные газы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2025 10:51 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін "Қазгидромет" РМК мамандары Атырау облысының әкімшілік орталығының тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті ақпарат сәрсенбі күні Гидрометеорологиялық орталықтың сайтында жарияланды:

"2025 жылғы 4 маусымда Атырауда түнде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар– атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар немесе басқа ластаушы көздер жанында уақытты қысқартуға кеңес беріледі. Ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: