Астана полициясының қызметкері 26 мәрте пара алғаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2025 16:04 Фото: Zakon.kz
Астанада пара алған және пара берген полицейге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс жемқорлыққа қатысты 26 эпизодты қамтиды.

"Сот Ж.-ның Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторының қызметкері бола тұра, 2023 жылдың қарашасы мен 2024 жылдың сәуірі аралығында уақытша ұстау изоляторында отырған 26 сотталушыны ұялы телефонды пайдалану құқығын заңсыз бергені үшін бірнеше рет жалпы сомасы 1,9 миллион теңгеден астам пара алғанын анықтады. Барлық тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды", – деді сот.

Сотта тәртіп сақшысы өз кінәсін мойындап, жаза ретінде айыппұл салуды сұрады. Екі пара алушы өз кінәсін мойындамаса, 24-і кінәсін мойындап, өкінді.

Сот полицейді кінәлі деп тауып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Пара алғандардың екеуі 3 жылға бас бостандығынан айырылса, біреуі параның 15 еселенген мөлшерінде айыппұл төледі.

"23 айыпталушыға қатысты қылмыстық іс өкінуіне байланысты тоқтатылды, өйткені олардың тергеу кезінде жақын туыстарымен сөйлесу үшін ұялы телефонды пайдалана алуы үшін пара беруге мәжбүр болғаны анықталды", – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

3 маусымда Оралда 200 мың теңге пара алған қалалық соттың бұрынғы төрағасына қатысты үкім шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: