Вьетнамға жиі баратын қазақстандықтар үшін жағымды жаңалық айтылды

Бүгін, 4 маусымда ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Вьетнам бағытындағы әуе қатынасының кеңейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
2025 жылғы 4 маусымнан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы – Дананг (Вьетнам) бағыты бойынша рейстерді орындай бастады.
Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады.
"Осылайша, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы жолаушылар рейстерінің саны аптасына 29-ға дейін өсіп отыр. Бұл рейстер 4 бағыт бойынша 3 әуе компаниясымен жүзеге асырылады", - делінген Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript