Қазақстандықтарға Қытайға ұшуға қатысты жағымды жаңалық хабарланды

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, самолет, самолеты , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 14:30 Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі Қытайға жаңа әуе бағыты ашылғанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы комитеттің Telegram-арнасында жарияланды:

"Биыл 23 қыркүйекте қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Алматы – Чунцин жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты".

Ведомствоның нақтылауынша, рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері Airbus A320neo ұшақтарымен орындалады.

"Қазақстан мен Қытай арасында әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді", – деп есептейді комитеттің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Қытайдың ірі мегаполистерінің бірі арасында жаңа әуе бағыты ашылатыны 2026 жылғы 20 шілдеде белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: