Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды

Платные участки дорог, платная дорога, платные дороги, плата за проезд, стоимость проезда, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2025 13:34 Фото: Zakon.kz
Көлік министрлігі ақылы тасжолдардағы төлем жасау тәртібіне қатысты ережелерді жаңартуға кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, жаңартылған тәсілдер жүргізушілерге төлемді уақытылы жүзеге асыру үшін қосымша уақыт пен мүмкіндіктер ұсынып, төлем жасау үдерісін барынша ыңғайлы әрі түсінікті етуді көздейді.

Сондай-ақ, минстрлік қолданыстағы нормаға сәйкес, егер жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемесе, сегізінші күні материалдар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес белгіленген тәртіппен көлік бақылау органдарына жолданатындығын еске салды.

"Алдағы уақытта жеңіл әрі ыңғайлы механизм енгізіледі: егер жеке тұлға жолақысын пайдаланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар отыз бірінші күні Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес көлік бақылау органдарына жолданады".ҚР Көлік министрлігі

Бұған қоса, бұрынғы тәртіпте жеке және заңды тұлғаларға бөлек талаптар қарастырылмаған болса, енді заңды тұлғалар үшін жеке механизм енгізіледі.

"Жаңа нормаға сәйкес, егер заңды тұлға есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көлік бақылау органдарына жолданатын болады".ҚР Көлік министрлігі

Ведомство сынылып отырған өзгерістер жүргізушілерге төлем жасау үдерісін ыңғайлы етуге, төлем мерзімін ұлғайтуға және объективті себептерге байланысты төлем жасалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупін азайтуға бағытталғанын атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жоспарына өзгерістер енгізілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: