Елордалық жүргізушілерге сауда орталығы маңына енгізілген көлік қозғалысының шектеуі жайлы ескертілді

Астана, город Астана, виды Астаны, виды города Астаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 12:31 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана әкімдігі бүгін, 2025 жылғы 9 маусымда жолдағы жөндеу жұмыстарына байланысты қала тұрғындарына жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, СОО "Сарыарқа" артындағы жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 9 бен 13 маусым аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы ішінара жабылатын болады",- деп мәлімдеді ведомство.

Автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылатын болады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады". Астана қаласы әкімдігі

Бұған дейін Астанада оң жағалаудағы даңғылдың учаскесі жабылатындығы жайлы да жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: