Астананың көлік басқармасы жүргізушілерге маңызды хабарлама жасады

Астананың көлік басқармасы жүргізушілерге маңызды хабарлама жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2025 22:56 Сурет: Zakon.kz
Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты Жұмабаев даңғылы мен Айналколь көшесінің қиылысында қозғалыс шектеледі, сондай-ақ Сығанақ көшесі ішінара жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Жұмабаев даңғылы мен Айналкөл көшесінің қиылысында қозғалыс 19–20 шілде аралығында ішінара жабылады.

Сығанақ көшесіндегі жөндеу жұмыстары Сауран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі аралықта 21 шілдеге дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында көлік қозғалысы екі бағытта да кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.


"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан кептелістерді болдырмау үшін маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз", – деп мәлімдеді басқарма.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: