Астананың сол жағалауындағы жолдардың бірі 9-25 мамыр аралығында ішінара жабық болады
Сурет: Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше жол учаскелері ішінара жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 мамырда Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол төсемін жөндеуге байланысты келесі жол учаскелерінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс шектелетінін хабарлайды:
- Сарайшық көшесінің Мәңгілік Ел даңғылынан Тұран даңғылына дейін ішінара жабылатын болады. Көшені жабу ағымдағы жылдың 9-25 мамыр аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта қамтамасыз етілетін болады;
- Өндіріс көшесінің Нефтянников көшесінен Солтүстік айналма жолға дейін (схема қоса беріледі) ағымдағы жылдың 12 мамырында сағат 06:00-ден 23:30-ға дейін толық жабылатын болады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript