Өзбекстанда қажылыққа жіберемін деп алдап, ақша алғандар ұсталды

Өзбекстанда қажылыққа жіберемін деп алдап, ақша алғандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 15:08 Сурет: Zakon.kz
Өзбекстанда алаяқтықтың жаңа түрі белең алды. Умра қажылығын ұйымдастыруға лицензиясы жоқ бола тұра, елді алдап қыруар қаржысын алған туристік фирмалар көбейген.

Жуырда үш бірдей топтың қылмысы әшкере болды.

Ташкенттегі туристік фирмалардың бірі үш азаматты қажылық сапарына жұмыс визасымен жіберуге әрекеттенген. Ол үшін әрқайсысынан 7 мың АҚШ долларын талап еткен.

Мұнан бөлек Ферғана облысында туристік компанияның менеджері 5 тұрғынды Умра сапарына заңсыз жібермек болған. Қызметі үшін 17 мың АҚШ долларын алған, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал Наманган қаласында тұратын азамат "Қажылыққа аттандырамын" деп әлеуметтік желіде жалған хабарландыру жариялап, 3 адамның сеніміне кірген.

Олардан жалпы сомасы 14 700 доллар алып жатқан жерінде ұсталды.

"Қажылық сапарды заңсыз ұйымдастыруға әрекеттенген туристік компания өкілдерінің әрекетіне тосқауыл қойылды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр." Санжар Раимов, ӨР ІІМ Ташкент қалалық басқармасының тергеушісі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: