Қуандық Бишімбаевқа рақымшылық жасалуы мүмкін бе - Прокуратура жауап берді

Қуандық Бишімбаевқа рақымшылық жасалуы мүмкін бе - Прокуратура жауап берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 13:37 Сурет: Жоғарғы Сот баспасөз қызметі
2025 жылғы 11 маусымда Мәжіліс мінберінде Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың рақымшылыққа ілінбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сұрақты журналистер қойған болатын.


"Мәжіліс депутаттары мен заң жобасын әзірлеушілердің ұстанымы – қылмыс қасақана немесе абайсызда жасалғанына қарамастан, егер адам өлімі орын алса, мұндай істерге рақымшылық қолданылмайды", – деп нақтылады Әсет Шындалиев.

Бұған дейін мәжілістің рақымшылық туралы заң қабылдағанын, кімнің бостандыққа шығатынын, кімнің жазасы қысқартылатындығын жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: