Сотталған белгілі тұлғаларға рақымшылық жасала ма

2025 жылғы 11 маусымда Мәжіліс мінберінде депутат Абзал Құспан танымал тұлғаларға рақымшылық жасала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мәселен, одан ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін бе деп сұрады. Депутаттың айтуынша, заң Парламентпен шектеусіз адамдар тобына қатысты қабылданады.
"Мұнда біз нақты есімдер мен фамилияларды атай алмаймыз. Бірақ мен рақымшылыққа жатпайтын қылмыстық істердің келесі санаттарын атай аламын – бұл жемқорлық қылмыстары, олардың саны – 624 адам, лаңкестік қылмыстар – 294 адам. Экстремистік баптар бойынша – 96 адам, азаптау – 48 адам. Сондай-ақ, қайталап қылмыс жасаған адамдарға, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қылмыс жасағандарға рақымшылық қолданылмайды", – деді депутат.
БАҚ өкілдері: бұл аталған тұлғалар рақымшылыққа ілікпейді деген сөз бе, деп нақтылап сұрады.
Депутат "Иә",- деп қысқа қайырды.
Бұған дейін мәжілістің рақымшылық туралы заң қабылдағанын, кімнің бостандыққа шығатынын, кімнің жазасы қысқартылатындығын жазған болатынбыз.Сондай-ақ, Әсет Шындалиев азаматтық әйелін аса қатігездікпен өлтірген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың рақымшылыққа ілінбейтінін мәлімдеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript