Қызылордада полицейлер жоғалған жасөспірімдерді іздеп тапты

Қала тұрғыны үй ауласында ойнап жүрген балаларын таппай, полицияға арызданды. , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 16:45 Сурет: ҚР ІІМ
Қала тұрғыны үй ауласында ойнап жүрген балаларын таппай, полицияға арызданды.

Хабарлама бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамына бағыт-бағдар беріліп, іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Полицейлер жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған жасөспірімдерді қала ішінен тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.

Анықталғандай, жасөспірімдер ойынға беріліп, үйінен ұзап кеткен. Қала тұрғыны жедел әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

 Хабарлама алған бойда полицейлер дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Балаларымды тауып берген қызметкерлерге шын жүректен алғысымды білдіремін, – дейді жасөспірімдердің анасы. Полиция тұрғындардан балаларды назардан тыс қалдырмауды, оларды әрқашан бақылауды сұрайды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: