ТЖ вице-министрі мұғалімдерді жағажайларды патрульдеуге тарту туралы ақпарға түсініктеме берді
Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 12 маусымда Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Сенатта мұғалімдердің жағажайларды патрульдеуге тартылуы туралы мәліметтерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол мұндай ақпараттан бейхабар екенін айтты, бірақ шомылу маусымына қатысты өткен жиналыста айтылған мәліметтермен бөлісті. Жағажайларды патрульдеумен ТЖМ қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер мен полицейлер бірлесіп айналысатынын мәлімдеді.
"Балалар ата-анасының қарауынсыз қалады, кейде ата-аналары жұмыста болып, бақылаусыз қалады да, шомылуға арналмаған жерлерде суға түседі. Әрине, мұндай жағдайда қайғылы жағдайлар орын алады. Жабдықталмаған жерлер – өздеріңіз білесіздер, терең, қауіпті, су астында бірдеңелер болуы мүмкін", – деді Кеген Тұрсынбаев.
Вице-министрдің айтуынша, патрульдеу жұмыстарына ведомствоның барынша барлық күштері мен құралдары тартылып жатыр.
Бұған дейін некені тіркеуге өтініш беру кезінде не нәрсеге назар аудару керек екенін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript