Тағы да циклон: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болмақ

Алматы, осень в Алматы, пасмурная погода в Алматы, тучи в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2025 12:11 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан аумағына циклондар жылжуынан тоқтамай жатыр. Бұл ретте, "Қазгидромет" РМК 14-16 маусым аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің ақпаратынша, алдағы күндері солтүстік-батыс бағытынан жаңа циклон жылжи бастайды, онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер жауын-шашын мен найзағай алып келеді.

Мәселен,15–16 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жекелеген аудандарында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді.

"Ал елдің оңтүстік жартысы Иран аумағынан келіп жатқан жылы ауа массаларының ықпалында қалып, жоғары ауа температурасы сақталады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін 2025 жылғы шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалатындығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: