Астанадағы жан түршігерлік автобус апаты: аяғынан айырылған оқушы ауруханадан шықты

Пациенты в палате, палата, лечение, медицинское учреждение, больница, госпитализация, врач, доктор, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2025 12:56 Фото: Zakon.kz
2025 жылдың 17 маусымында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Астанада автобус апатынан зардап шеккендерді қандай көмек күтетіні туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер зардап шеккендерге, соның ішінде аяғынан айырылған қызға қандай оңалту көмегі көрсетілетінін сұрады.

"Барлық зардап шеккендерге дер кезінде жедел медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде жеті жасар бала да бар. Бала бүгін ауруханадан шығарылды. Медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Өкінішке орай, аяқтарын кесуге тура келгенін бәрі біледі. Мұның бәрі адам өмірін сақтап қалу үшін жасалды", – деді Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, бала Ақмола облысы Егіндікөл ауданындағы емханада есепте тұрады.


"Емхана қазірдің өзінде жеке оңалту бағдарламасын әзірлеу үстінде. Болашақта операциядан кейінгі жаралар жазылғаннан кейін біз баланы толық сауықтырумен айналысамыз", – деп сендірді вице-министр.

2025 жылдың 2 маусымында Астанада жан түршігерлік оқиға болды. Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Кейін бір науқастың аяқ-қолын кесіп тастағаны белгілі болды.

2025 жылдың 11 маусымында Денсаулық сақтау вице-министрі Нұрлан Ержанов автобус апатынан зардап шеккен қыздың аяғын сақтап қалу мүмкін болды ма деген сұраққа түсініктеме берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: