Қазақстандық БЖЗҚ-дағы қаражатты шешіп беру бойынша алаяқтық схемасын ұйымдастырған

Накопление, накопления, сбережение, сбережения, деньги, финансы, тенге, инвестирование, инвестиции, капитал, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2025 14:59 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2024 жылы елорда тұрғыны жеңіл жолмен пайда табуды көздеп, "WhatsApp" қосымшасында жалған хабарлама жариялаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол азаматтардың назарын аудара отырып, зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегіне жетпеген тұлғаларға БЖЗҚ-дан қаражат алу қызметтерін ұсынған.

Қала прокуратурасының мәліметінше, алаяқ өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмағанына қарамастан, зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған.

Алаяқ барлығы 17 осындай қылмыс жасап, жалпы сомасы 3 млн теңгеден асатын қаражатты иемденген.


"Сотта кінәлі тұлға өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге залалды толық өтеген",- делінген ақпаратта.

Әйел сот үкімімен сотталды.

Астана қаласының прокуратурасы алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түріндегі қылмыстық жауаптылықтың көзделгенін еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: