Алаяқ астаналықтарға жалған концерт билеттерін сатып жіберген: сот үкім шығарды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон   , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2025 10:18 Фото: Zakon.kz
Астана тұрғыны жеңіл жолмен ақша табуды көздеп, ақпараттық жүйені пайдаланушының сеніміне қиянат жасап, алдап, заңсыз табыс табудың схемасын әзірлеген. Ол сотталды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне елорда прокуратурасы хабарлады.

Хабарламада әйелдің 2024 жылы танымал интернет-ресурста елордада өтетін концерттерге билет сататыны туралы жалған хабарландырулар жариялап, билетті арзан бағамен сатып алғысы келетін сенгіш азаматтардың назарын аударғаны айтылған.

"2024 жылы қала тұрғыны елордада өтетін концерттерге билет сату туралы жалған хабарландыруларды "OLX" сайтына орналастырып, арзан бағаға билет сатып алғысы келген азаматтардың назарын аударған. Ол төлем алғаннан кейін (5 мыңнан 50 мың теңгеге дейін) жәбірленушілерге жалған электронды билеттер жолдаған." Астана қаласының прокуратурасы

Барлығы 38 осындай қылмыс жасап, жалпы сомасы 500 мың теңгеден асатын қаражатты иемденген.

Кінәсін мойындауын, шынайы өкінуін, кәмелетке толмаған баласының барын және жәбірленушілерге келтірілген шығынның өтелгенін ескере отырып, сот оған 4 жылға бас бостандығын шектеу және мәжбүрлі еңбекке тарту жазасын тағайындады.

Астана қаласының прокуратурасы күмәнді хабарландыруларға назар аудармауға және тауарлар мен қызметтерді тек ресми сату орындары мен интернет-платформалардан сатып алуға кеңес берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: