Президентке темір жол қатынасы жүйесін жаңғырту барысы жөнінде есеп берілді

Бүкіл ел бойынша 125 вокзалға жөндеу жұмыстары жүргізілуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 14:32 Сурет: akorda.kz
Бүкіл ел бойынша 125 вокзалға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Халықаралық серіктестермен бірлесіп, жолаушы тасымалдау жүйесіндегі қызмет көрсету сапасын арттыруға және өңірлердегі көлік байланысын жақсартуға бағытталған шешімдер енгізіліп жатыр.

Атап айтқанда, отандық ІТ компаниялар жолаушыларға арналған бірыңғай цифрлы платформа әзірледі.

Бұл билет сатып алудан бастап туристік қызмет көрсетуге дейінгі көптеген функцияны біріктіреді.

Сондай-ақ пойыздар спутниктік интернетке қосылады.

Қауіпсіздікті күшейту мақсатында видеотіркеулер, мобильді терминалдар, жасанды интеллект технологиясы негізінде мәліметтерді талдауға қабілетті 4 мың камера пайдаланылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: