Алматыда бір күнде болған екінші автобус апаты: жеңіл көлік жарнама тақтасына соғылды
Сурет: Zakon.kz
Zakon.kz тілшісінің апат орнынан хабарлауынша, оқиға Мақатаев пен Мәметова көшелерінің арасында болған.
Hyundai Sonata автокөлігі солтүстік бағытта оң жақ жолақпен келе жатқан. Жүргізуші ауланың ішіне бұрылмақ болған сәтте, көлікке 210-маршруттағы автобус қатты жылдамдықпен келіп соғылған.
Қатты соққыдан кейін Hyundai жолдан шығып кетіп, бордюр мен арықты асып өтіп, жарнама тақтасына соғылған.
Жол апаты салдарынан шетелдік көліктің жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.
Автобус жүргізушісінің айтуынша, қоғамдық көлік бос болған, сол себепті басқа жолаушылар зардап шекпеген.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан еді. Автобус жүргізушісі әуелі шетелдік көлікпен, кейін үйге соғылған еді.


